Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" Ш Ж К К М К

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Жаңалықтар

Тұмау және Қызылша алдын алу мақсатында акция өткізілді.

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мамандарының және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастырумен "Мерей" сауда орталығында халыққа  Тұмау және Қызылша ауруының алдын алу мақсатындаакция өткізілді. Акция барысында аудан тұрғындарының қан қысымын өлшеніп аурудың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылша

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерімен мектеп және мектеп алды мекемелерінің медицина қызметкерлеріне қызылша ауруының шығуына байланысты семинар кеңес өткізілді. Қызылша ауруының клиникасы және емі жөнінде дәрігер инфекционист Олжабаева.С.К түсіндірді. Алдын алу жөнінде дәрігер эпидемиолог Тулемисова.Ж.Б түсіндірді.

«Қарттар мектебі» ашылды

Ашылу салтанатын Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева: Қаттар мектебінің мақсаты - зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеуметтік - гигиеналық себептері мен клиникалық белгілерін анықтау, адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістерді зерттеу, қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама беру,- екендігін ашып айтты.

Жіті ішек жұқпаларының алдын алу

Жіті ішек жұқпаларының алдын алу бойынша Құрманғазы аудандық орталық аурухананың директоры Г.Н.Мутиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.К.Утаров семинарды ашты.

ЖИТС-тің алдын алу

Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Г.А.Умарова мен дәрігер эпидемиологы М.А.Ермашева Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында "ЖИТС-тің алдын алуы" жөнінде семинар өткізді.

 

Акция

20 маусым күні Құрманғазы аудандық "Мерей" сауда базарында халықтың нысаналы топтарына арналған окологиялық, қан айналым жүйесі ауруларының алдын - алуға бағытталған акция ұйымдастырылды.


Акцияға Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының кардиолог дәрігері Юсупова Нурлы Сундетовна, жалпы тәжірибелік дәрігері Чаплыгина Галина Васильевна және онколог дәрігері Садыкова Алия Абаевна кеңес беріп, ақпараттық бетшелер таратылып, алдын-алу профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Денсаулық сабағы

Артық салмақ және семізік дегеніміз не? Артық салмақ пен семіздіктің себептері қандай? Дене салмағы индексі (ДСИ) дегеніміз не? Дене салмағы индексі (ДСИ) қалай есептеледі?- сұрақтарына жауап алғыңыз келсе Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының "Денсаулық мектебінде" сәрсенбі күні эндокринолог дәрігерімізден жауап ала аласыздар!
13 маусым күні "Денсаулық мектебінде" эндокринолог дәрігер Ф.Ж.Жакупова: Семізік-май тіндерінің артық жиналуынан дене салмағының артуы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Менингит инфекциясының алдын алу

"Менингит инфекциясы" жөнінде төтенше жағдайлар бөлімінде Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.