Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" Ш Ж К К М К

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Жаңалықтар

Отан қорғаушылар күні

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мен мейірбикелері ауданның еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлерін аралап, медициналық тексерістен өткізіп, Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады.

Біз вакциналауды қолдаймыз!

24-30 сәуірдегі Дүниежүзілік иммундау апталығына орайластырылған "Біз вакциналауды қолдаймыз!" тақырыбында Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова жас аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Н.Ж.Шапихова мен медбикесі А.А.Жакупованың ұйымдстыруымен Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, вакцина және сіздің балаңыз жөнінде мағлұмат берілді.

№ 7 қалалық емхана директорының орынбасары Алмагүл Аманбаевна Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

№ 7 қалалық емхана директорының орынбасары Алмагүл Аманбаевна Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

"Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!"

Құрманғазы аудандық орталық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.З.Мұқаналиева және жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова "Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!" ұранымен ата-аналарға екпенің маңыздылығы түсіндірілсе, балаларға сурет байқауы ұйымдастырылды.

«ДЕНІ САУ ҚАРТТЫҚ»

Кең сарайдай жайлы мекен – аудан орталығындағы «Ардагерлер үйіне» жиналғандардың бұл күнгі талқылаған тақырыбы ең бір көкейкесті мәселе – денсаулық болатын. Басқосуда алғаш болып сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиев ҚР ардагерлері орталық кеңесінің бастамасымен өмірге келген «Дені сау қарттық» бағдарламасы жасы ұлғайғандардың арасында аурудың алдын алу, аурушаңдықты азайтудың шараларын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын, спортты насихаттау жұмыстарын жолға қоюды көздеп отырғанын айтты.

Семинар

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Дәшін аулының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде "Дұрыс тамақтану"-тақырыбында мағлұмат берілді.

Дүниежүзілік денсаулық күні

Құрманғазы аудандық орталық аурухана мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 7 сәуір - дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Сау болу-сәнді!" ұранымен "Жастар алаңында" кең көлемді акция ұйымдастырды. Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Гүлсара Нұрмұханбетқызы және Құрманғазы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әдебиет Ердешов дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады.

Семинар

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасыда практикалық көмек көрсету мақсатында Атырау облысының медицина колледж жанындағы мейірбике ісін дамыту жөніндегі маман Ақжұма Ақкалиевна және Атырау облысының медицина колледжінің мұғалімі Гүлдана Нұрымовна пікір алмасып, талқылады.