Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Жаңалықтар

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!

Егемен еліміздің 16 желтоқсан ұлттық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Осы мереке карсаңында Құрманғазы аудандық орталық аурухана өзінің қуанышты хабармен бөліскелі отырмыз. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты аккредитациядан өтуге сұраныс берген 6 медициналық мекеменің ішінде өткен 3-дің бірі болып және аудандардың ішінен қатысқан Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Мутиева Гулсара Нурмуханбетқызы бастаған ұжым неше жылғы еңбектерінің арқасында үлкен сынақтарды жеңіп "Аккредитация "дан өтті. Осы қуанышымызға қуаныш қосылып, Құрманғазы аудандық орталық аурухананың бас мейірбекесі Нурлыбаева Ханафия Социалқызы және емхана аға медбикесі Халенова Токтар Халуқызы "Мейірім" төсбелгісімен марапаталып, балалар бөлімшесінің аға медбикесі Жолдасова Тамара "Парасат" республикалық ұйымының "Алғыс хатына" ие болды. Болашағы зор, аспаны ашық еліміз тыныш, жұртымыз аман, келешекке бастаған қадамымыз нық болсын ағайын!!!

Екпе жасау –маңызды!

Аудандық емхана директоры- Г.Н.Мутиева қазіргі кезде аудан бойынша алдын алу екпелерінен бас тартушы 172 бала тіркеліп отыр, яғни екпеден бас тартып жатқан ата-аналарға болашақта балаларының жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайтындығын түсіндіру мақсатында, аудандық емханамызда дөңгелек үстел ұйымдастырып жатқандығын айтып өтті.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай,бүгін Аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиеваның айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық "Мерей" базарында акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, скринингтік тексерілуге шақыру.

Сау балалар мектебі

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Каусова.Г.Н «Дені сау балалар мектебінде» бала денсаулығына көңіл бөлуде...

"Халықаралық темекіден бас тарту күні"

Семинар

 

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Жұлдыз Тілекқабылқызы Н.С.Манаев атындағы қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушылырына "Халықаралық темекіден бас тарту күні" онкүндігіне орай семинар жүргізді.
Мақсаты:Шылым шегудің адам ағзасына зиянды әсері, олардың алдын ала сақтану шаралары.Темекінің зиянды әсерлерін ашу, жас жеткіншектердің темекі шегуді бастамауы туралы сезімін қалыптастыру.

"Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес" күні

Аудандық емханада "Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес" күніне орай "Ашық есік" ұйымдастырылды.
Мақсаты: АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау.
Ашылуы салтанатын директордың орынбасары Светлана Уахасовна бастап, инфекционист Жұлдыз Борабаевна жалғастырды. Сонымен қатар шараға нарколог, гинеколог, фтифзиатр.т.б мамандар қатысты.
АИТВ-инфекциясының медбикесі Замира Ғалымжанқызы эксперт тест жүзгізумен шарамыз жалғасын тапты.

"Халықаралық темекіден бас тартуі күні"

"Халықаралық темекіден бас тарту күні" онкүндігіне орай "Ашық есік" ұйымдастырылды. Мақсаты: шылым шегудің зияны мен оның ағзаға тигізетін салдары. Ұйымдастыру шараларына Денсаулықты нығайту мамандары мен профилактика бөлімі белсенділік танытса, дәрігер-нарколог Т.Сисеналиев жиналған халыққа: «Шылым шегудің зияны мен оның ағзаға тигізетін салдары, темекі бұйымдарын тұтынудың және темекі шегушіліктің алдын-алу жөнінде» мағұлмат берді. Жиналған адамдарға ақпараттық оқыту материалдары таратылды.

Семинар

Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларына Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері:Кажгалиева.Н.М "Дүниежүзілік ЖИТСпен күреске" орай АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, АИТВ инфекциясының профилактика мәселелері, сонымен қатар "ЖРВИ, тұмау және пневмококктық инфекцияның алдын алу" мәселелері жөнінде семинар жүргізді.