Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

"Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!"

Құрманғазы аудандық орталық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.З.Мұқаналиева және жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова "Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!" ұранымен ата-аналарға екпенің маңыздылығы түсіндірілсе, балаларға сурет байқауы ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда түрлі екпелер (вакцинация) - жұқпалы аурулардың алдын алудың бірден-бір жолы. Қоршаған ортаның түрлі әсерінен туындайтын сан алуан ауруларды баланың әлсіз ағзасы қалай қабылдайтынын бірде-бір ана алдан-ала болжай алмайды. Вакцинаның арқасында ағза аса қауіпті ауруларды тудыратын бактериялар мен вирустарға төтеп бере алады. Мысалы: туберкулез, көкжөтел (коклюш), дифтерия, гемофильді жұқпа және сіреспе (столбняк).