Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" Ш Ж К К М К

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Developed in conjunction with Joomla extensions.

"Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!"

Құрманғазы аудандық орталық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.З.Мұқаналиева және жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова "Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!" ұранымен ата-аналарға екпенің маңыздылығы түсіндірілсе, балаларға сурет байқауы ұйымдастырылды.

«ДЕНІ САУ ҚАРТТЫҚ»

Кең сарайдай жайлы мекен – аудан орталығындағы «Ардагерлер үйіне» жиналғандардың бұл күнгі талқылаған тақырыбы ең бір көкейкесті мәселе – денсаулық болатын. Басқосуда алғаш болып сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиев ҚР ардагерлері орталық кеңесінің бастамасымен өмірге келген «Дені сау қарттық» бағдарламасы жасы ұлғайғандардың арасында аурудың алдын алу, аурушаңдықты азайтудың шараларын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын, спортты насихаттау жұмыстарын жолға қоюды көздеп отырғанын айтты.

Семинар

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Дәшін аулының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде "Дұрыс тамақтану"-тақырыбында мағлұмат берілді.

Дүниежүзілік денсаулық күні

Құрманғазы аудандық орталық аурухана мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 7 сәуір - дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Сау болу-сәнді!" ұранымен "Жастар алаңында" кең көлемді акция ұйымдастырды. Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Гүлсара Нұрмұханбетқызы және Құрманғазы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әдебиет Ердешов дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады.

Семинар

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасыда практикалық көмек көрсету мақсатында Атырау облысының медицина колледж жанындағы мейірбике ісін дамыту жөніндегі маман Ақжұма Ақкалиевна және Атырау облысының медицина колледжінің мұғалімі Гүлдана Нұрымовна пікір алмасып, талқылады.

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнiмен Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры - Г.Н.Мутиева құттықтады. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!

Семинар

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында "Туберкулез ауруының алдын алу",-атты тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды ортаға салып талқылып, сөз сөйлегендер:

"Өз денсаулығыңыз-өз қолыңызда!"

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры: Г.Н. Мутиева, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директор: А.А. Сыралиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы: К.К. Утаровтың айтуымен, - “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”, - атты аудандық Нұржау округінде акция ұйымдастырылды.