Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" Ш Ж К К М К

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Developed in conjunction with Joomla extensions.

Семинар

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында «Ауруларды басқару бағдарламасын жаңа формасы ретінде профилактикалық халықпен жұмыс» тақырыбында Құрманғазы аудандық орталық аурухананың бас мейірбикесі Нұрлыбаева Ханафия Социалқызы және емхана аға мейірбикесі Каменова Баян Сатыбалдықызы медицина қызметкерлеріне талқылап,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Екпенің маңыздылығы"

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мамандары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен бірлескен "Екпенің маңыздылығы" және "Біз туберкулезді тоқтата аламыз",-атты тақырыбында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде ата-аналар мен оқушылар арасында семинар өткізілді.
Мақсатымыз: Алдын ала егілудің адам өміріне деген пайдасы мен туберкулез ауруының алдын алу.

Өзіңді туберкулезден қорға!

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психология бөлімінің дәрігері Н.Ж.Шапихова мен салауатты өмір салтын қалыптастыру ортылығының медбикесі А.А.Жакупованың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы бойынша туберкулездің алдын алу мен профилактикалық тексеруден өту мақсатында семинар өткізілді.

“Өз денсаулығыңыз-өз қолыңызда!”

Аудандық орталық аурухананың директоры: Г.Н.Мутиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы: К.К.Утаровтың айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық Еңбекші округінде акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, скринингтік тексеруден өткізу. Шараға: профилактика бөлімінің меңгерушісі, 2 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші мамандары, 3 медбике қатысты.

"Өзіңді және отбасыңды туберкулезден сақта"

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мамандары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Ю.А.Гагарин жалпы орта мектебінде "Өзіңді және отбасыныңды туберкулезден сақта" тақырыбында семинар өткізілді. 

«Демікпесіз өмір сүр»

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының Дені сау бала кабинетінде жалпы тәжірбие дәрігері - Г.В.Чаплыгина "Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, демікпесіз өмір сүр" тақырыбында түсіндіріп өтті

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Мутиева Гульсара Нұрмағанбетова - 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып алғыс хатпен марапаттады.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сай 3 наурыз күні Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап емхана бөлімшесінің ренгенолог дәрігері - Қанатов.Б.Е бастаған команда қыз келіншектер арасында спартакиада ұйымдастырылды.