Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
ШЖККМК

A- A A+

КГП на ПХВ "Курмангазинская центральная районная больница" Управления здровоохранения Атырауской области

Developed in conjunction with Joomla extensions.

«Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың кепілі»

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласының жыл бойғы атқарған игі істерінің қорытындысы ретінде Құрманғазы мәдениет сарайында «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың кепілі» - атты салтанатты шара өткізілді.

Жаңа жылдарыңызбен!!!

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиева аурахана қызметкерлерін Аяз ата, Ақшақармен бірге Жаңа жыл мерекесімен құттықтады!!! 

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!

Егемен еліміздің 16 желтоқсан ұлттық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Осы мереке карсаңында Құрманғазы аудандық орталық аурухана өзінің қуанышты хабармен бөліскелі отырмыз.

«Дені сау бала» кабинеті

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының педиатр дәрігерлері нәрестенің құрсақтағы дамудың 38-40 апталық мерзімінен бұрын дүниеге келіп,салмағы 2500гр,бойының ұзындығы 45см – ден кем - шала туылған баланың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар «Дені сау бала» кабинетінде емшекпен емізу ережелерімен таныстыру яғни, жас аналарға - әр емізердің алдында анасы таза қолымен сүт безін жақсылап жуу керек екендігін, баланы емізіп болғаннан соң сүт безі жарылып кетпеу үшін таза жұмсақ сүлгімен кептіру керектігін т.б ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!

Егемен еліміздің 16 желтоқсан ұлттық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Осы мереке карсаңында Құрманғазы аудандық орталық аурухана өзінің қуанышты хабармен бөліскелі отырмыз. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты аккредитациядан өтуге сұраныс берген 6 медициналық мекеменің ішінде өткен 3-дің бірі болып және аудандардың ішінен қатысқан Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Мутиева Гулсара Нурмуханбетқызы бастаған ұжым неше жылғы еңбектерінің арқасында үлкен сынақтарды жеңіп "Аккредитация "дан өтті. Осы қуанышымызға қуаныш қосылып, Құрманғазы аудандық орталық аурухананың бас мейірбекесі Нурлыбаева Ханафия Социалқызы және емхана аға медбикесі Халенова Токтар Халуқызы "Мейірім" төсбелгісімен марапаталып, балалар бөлімшесінің аға медбикесі Жолдасова Тамара "Парасат" республикалық ұйымының "Алғыс хатына" ие болды. Болашағы зор, аспаны ашық еліміз тыныш, жұртымыз аман, келешекке бастаған қадамымыз нық болсын ағайын!!!

Екпе жасау –маңызды!

Аудандық емхана директоры- Г.Н.Мутиева қазіргі кезде аудан бойынша алдын алу екпелерінен бас тартушы 172 бала тіркеліп отыр, яғни екпеден бас тартып жатқан ата-аналарға болашақта балаларының жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайтындығын түсіндіру мақсатында, аудандық емханамызда дөңгелек үстел ұйымдастырып жатқандығын айтып өтті.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай,бүгін Аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиеваның айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық "Мерей" базарында акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, скринингтік тексерілуге шақыру.

Сау балалар мектебі

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Каусова.Г.Н «Дені сау балалар мектебінде» бала денсаулығына көңіл бөлуде...